Әдістемелік бөлімі

Озық тәжірибе

Хайруллаева Алия Базарбаевна ЖШС «Каспий» жоғары педагогика және салалык технологиялар колледжінің педагог-зерттеуші санаттағы педагогика және психология пәнінің окытушысы

Алия Базарбаевна бар уакытын қызығы мен қиындығы мол ұстаздық жолына арнаған оқытушы, ерінбей ізденіп еңбек етуде, өзінің әдістемелік шеберлігін күнбе-күн арттыруда.

Оқытушының білімділігі, әдістемелік шеберлігі, еңбексүйгіштігі, өз білімін үнемі тереңдетіп, жетілдіріп, инновациялық әдістемелерді қолдануы оны биік жетістіктерге жетелеп келеді. Оқытушының тәжірибесі облыс көлемінде таратылды.

Кәсіптік - техникалык оқу орындарына арналған жаңатылған білім беру бағдарламасын жақсы меңгерген оқытушылардың бірі. 2018 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту» тақырыбындағы курстан өтіп, қазіргі таңда колледжішілік тренер - коуч қызметін қоса атқарып келеді. Колледждің жылдық жоспары бойынша колледж оқытушыларына семинар- сабақтар, коучинг сабақтарын өткізіп, үйретуде.

Өз ісіне бар ынта-ықласымен берілген Алия Базарбаевна -әрдайым сыпайы, өз ісіне жауапты маман, әріптестері мен студенттер арасында беделді де абыройлы оқытушы. Оқытушының еңбегі жоғары бағаланып, колледж әкімшілігінің, облыстық білім басқармасының мақтау грамоталарымен марапатталды. Салмақты да сабырлы мінезі, білімділігі, ұйымдастыра білу қабілеті көптеген оқытушыларға үлгі.

Шығармашылық жұмыстары:

«Психология» пәнінен электронды оқулық, Ақтау - 2017 жыл.

«Педагогика» пәнінен лекция жинағы, 2019 жыл.

«Психология» пәнінен лекция жинағы, 2019 жыл.

Марапаттары және қол жеткізген жетістіктері:

Диплом I дәрежелі 2021 жылғы 08-14 қазан аралығында аралас (онлайн, офлайн) форматта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында салалар бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша (Маңғыстау облысының білім басқармасы Ақтау - 2021 жыл). Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы білім беру саласы бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсында III орын. Нұр-Сұлтан-2022 жыл.

  1. «Алғыс» Жаңаөзен каласы әкімі Ә.Дауылбаев, қазан 2018 жыл.
  2. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасы» Ақтау - 2021 ж.
  3. «Алғыс», «EDUS. College» платформасында жүйелі атқарған еңбегі үшін «Каспий»

педагогика және салалык технологиялар колледжі 2021 ж.

«Алғыс» Жаңаөзен каласы әкімі А.Қосуаков, тамыз 2022 жыл.

 

Ильясов Мақсат Имамединович 2013 жылдан бері «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы және спорт кешенінің меңгерушісі ретінде еңбек етіп келеді.

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт баскармасының 2013 жыл 26 наурыздағы №02-08/4

бұйрығына сәйкес «Біліктілігі жоғары дейгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-әдіскер» санаты берілді.

Шығармашылық жұмыстары:

Шығармашылық тақырыбы:

«Дене шынықтыру пәнін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері».

«Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» пәнінен дәрістер жинағы, 2015 жыл; «Қозғалмалы ойындар және оны оқыту әдістемесі» пәнінен әдістемелік нұсқаулығы, 2016 жыл; «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының кәсіптік тәжірибелері бойынша әдістемелік нұсқаулык, 2017 жыл; «Гимнастика және оны оқыту әдістемесі» пәнінен лекция жинағы, 2018 жыл; «Шаңғы спорты және оны оқыту әдістемесі» пәнінен лекция жинағы, 2019 жыл.

Мақсат Имамединович колледжде белсенді спорттық салауатты өмір салтын қалыптастырады. Студенттер арасында түрлі спорттық сайыстар өткізеді. Студенттері колледждер арасында, қалалық және облыстық деңгейдегі бәсекелестік спартакиадалардың белсенді қатысушылары және жеңімпаздары болып табылады.

2019 жылы колледжіміздің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенті Турашева Диляра қаламыздың үздік студенті атанды және желтоқсан айында Астана қаласында өткен «топ 100 студенті» номинациясын ұтып алды.

2019 жылы колледжде студенттері арасында колледжішілік Worldskills сайысын өткізді, сол жылы облыстық Worldskills өңірлік чемпионатына 3 курс студенттері Адиканов Қуандық пен Турашева Диляраны қатыстырып жүлделі 2 орын иеленді.

  • жылы 4 курс студенті Турашева Диляраны қатыстырып жүлделі 1 орын иеленіп Республикалық Worldskills чемпионатына жолдама алды.
  • 2021 оқу жылындағы тәжірибе қорытындысы бойынша оқу сапасы 100%, үлгерімі де 100%. Курстық жұмыстар бойынша сапа 83,3%, үлгерім 100%. КДБ және ББ қорытындысы бойынша көрсеткіш жақсы деңгейде.
  • 2022 оқу жылында маусым айында өткен өңірлік Worldskills кезеңіне 2 курс студенті Изкенов Айдынды қатыстырып жүлделі бірінші орын иемденіп тағыда Республикалық Worldskills чемпионатқа жолдама алды. Worldskills өңірлік кезеңінде М.И.Ильясов бас сарапшы қызметін атқарды.
  • 2023 оқу жылының 26-29 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы спорт саласының «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі бойынша II Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңін колледжімізде жоғары деңгейде өткізді. Бұл конкурсқа әріптесі Қалдаманов Дәулетбай қатысып «Үздік маман» атанды.

Ильясов Мақсат Имамединұлы бұл сайыстың бас сарапшысы қызметін атқарды.

Аттестаттау қорытындысы бойынша емтихан қорытындысының үлгерімі 100%, сапа 60,8%.

«Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінде 2017 жылдан бастап, «Бастауыш білім беру» мамандығының арнайы пән мұғалімі қызметін атқарып келеді. Ұстаз заман талабына сай жаңа технологияны жан - жақты меңгерген маман.

Зоя Сұлтанбаеваның оқытқан студенттері түрлі кәсіби шеберлік білім байқауларына қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді:

2021 жылы «Сертификат» «WorldSkills Aktau-2021» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының колледжішілік іріктеу кезеңінде «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзіреттілігі бойынша I орын алған 4БББ-17Б тобының студенті Ерсұлтанова Жансұлу марапатталады.

2021 жылы «Сертификат» «WorldSkills Aktau-2021» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының колледжішілік іріктеу кезеңінде «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзіреттілігі бойынша II орын алған 2БШ-19Б тобының студенті Хасанова Ақтілек марапатталды.

2021 жылы «Сертификат» «WorldSkills Aktau-2021» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының колледжішілік іріктеу кезеңінде «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» кұзіреттілігі бойынша III орын алған 2БШ-19Б тобының студенті Исакова Айдана марапатталды.

  • жылы «Диплом, Сертификат» «WorldSkills Aktau-2020» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатында «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзыреттілігі бойынша III орын алған Тулегбердиева Жұлдыз марапатталды.
  • жылы «Диплом, Сертификат» «WorldSkills Aktau-2022» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатында «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзреттілігі бойынша I орын алған Хасанова Ақтілек республикалық байқауға жолдама алды.

2020 жылы халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы «Эрудит» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен педагогтар арасында өткен Республикалық «Шебер педагог - 2020» атты шығармашылық байқауына «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша қатысып үздік нәтиже көрсеткені үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталады.

Зоя Сұлтанбаевна кез-келген марапатқа лайық ұстаздардың бірі.

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасына», Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы «Алғыс хатына» және 2021 жылы «РЕДАКЦИЯ БОЛЬШОЙ МЕЖДУНАРОДНОЙ ӘНЦИКЛОПЕДИИ «ЛУЧШИЕ ЛЮДИ В ОБРАЗОВАНАНИИ» кітабына шығып I дәрежелі «Дипломға» ие болды.

Шығармашылық жұмыстары:

«Жаратылыстану және дүниетануды оқыту әдістемесі» пәнінен лекция жинағы, 2019 жыл.

«Бастауыш сыныптарда дүниетану курсының міндеті мен мазмұны»- оқу құралы, 2019 жыл.

«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда оқыту технологиясы» Алматы, 2020 жыл.

Әмірбекова Гулшат Сайынқызы 2002 жылы Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университетін бітіріп, Жаңаөзен қаласындағы Т.Әлиев атындағы №1 орта мектебінде биология пәні мұғалімі қызметімен еңбек жолын бастады. 2011 жылы Жаңаөзен қаласындағы ЖШС «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжіне биология пәні оқытушысы болып қабылданды. 2013-2014 жылдан бастап осы аталған колледжде директордың тәрбие ісі жөніндегі қызметіне тағайындалды.

2013 жылы Маңғыстау облысының Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында өткен «Үздік педагог - 2014» облыстық байқауында жүлделі III орынды иеленді.

2013 жылы Халықаралық сертификат. Әмірбекова Г.С. «За выдающиеся трудовые достижения, рациональный подход к решению задач, преданность своему делу и профессионализм» «Сотрудник года»; 2017 жылы Алғыс. «Жаңаөзен қаласының мәдениет және өнер саласыныц дамуына белсенді үлес қосқаны үшін» Жаңаөзен қаласы әкімі; 2019 жылы Алғыс. «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға және Жаңаөзен қаласының еріктілер корпусының дамуына қосқан үлесі үшін». Жаңаөзен жастары директоры Ғ.Құрманғалиев; 2020 жылы Алғыс «Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін». Маңғыстау облысының білім басқармасы. Басқарма басшысы А. Сейдалиев. №23339;

2021 жылы «Педагог- зерттеуші» біліктілік санатын алды.

2021 жылы Директордың тәрбие ісі жөніндегі екінші санатты басшының орынбасары санатын алды.

Оқытушының шығармашылық жұмысы: «Жаңа заман талабына сай педагогикалық технологияларды қолдана отырып студенттерді шығармашылық ізденіс жұмысына баулу».

Шығармашылық жұмыстары:

  1. Биологияны оқыту әдістемесі (педагогикалық және кәсіптік білім беретін колледж студенттеріне арналған әдістемелік практикалық құрал) Ақтау қаласы, 2013 ж.
  2. Биология пәніне лекциялар жинағы (колледж студенттеріне арналған) 2012 ж.
  3. Биология пәнінен өзіндік жұмыстың түрлері (колледж студенттеріне арналған) 2012 ж.
  4. Биологиядан оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс дәптері (колледж студенттеріне арналған) 2016 ж.

«Биологиялық есептерді шығарудың заманауи жолдары» - авторлық бағдарлама. 2021 ж. Мемлекеттің білім саясаты оқытушы арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда оқытушы міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Сондықтан өз білімін ылғи да көтеріп отыруға тырысады.

Бурабаева Назгүл Боранбаевна 2015 жылы қыркүйек айынан бастап Жаңаөзен қаласындағы «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы болып қызмет аткарады.

Сабақ барысында модульдік оқытудың элементтері мен сыни тұрғыдан ойлау технологиясын, интербелсенді әдістерді қолданады. Ол сабақтарында пәнаралық байланысқа көңіл бөлді, себебі стандарт бойынша бастауыш білім беру мұғалімі тәжірибеден үйренеді, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін әр түрлі ситуациялық жағдаяттар қолданады. Ол сабақтарда тақырыпқа байланысты бейнефильмдер, таблицалар, графикалық құрылымдар қолданады.

Өткізілген ашық сабақтары:

  • жылы колледжішілік «Ақпараттық-коммуникативтік оқыту технологиясы - оқу үрдісінде» онкүндігінде қазақ әдебиеті пәнінен 1ДТС-16 тобында «Шоқан Уәлиханов» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 2017 жылы наурыз айында 2БББс/о-15 тобымен «Адамзаттың Абайы» атты ашық- тәрбие сағатын өткізді. 2017 жылы қыркүйек айында «Тілдер апталығына» орай Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасына сәйкес 2БББ-16 тобында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізді.
  • жылы 2БББ-16Б тобында «Шешендік өнердің тарихы» қазақ тілі пәнінен облыстық ашық сабақ өткізді.
  • жылы «Еңбек кітапшасы, еңбек кітапшасын толтырудың тәртібі. Жеке іс парагы»;
  • жылы 4БББ-15 б/б тобында мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен,
  • жылы 3МДТ-17 б/б тобында «Ақын- жазушылардың балаларға арналған шығармашылығы» атты балалар әдебиеті пәнінен ашық сабақтар өткізді.

2017 жылы «Қазақ әдебиеті сабағында қолданылатын әдебиет көркемдегіш құралдар» - оқу құралын жазды.

Баспасөз беттеріне жарияланған материалдары:

  1. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы жалпы білім беру пәндер оқытушыларының кәсіби құзіреттілігі» такырыбына сәйкес «Мақсатым орындалды» атты мақаласы «Маңғыстау мұғалімі», 2018 жыл.
  2. «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» «Жаңаөзен жаршысы» 2019 жыл.
  3. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» «Білім айнасы» 2020 жыл.
  4. «Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпаққа қалдырған мұрасы» «Ұлы дала ұстазы» 2022 жыл.

2022-2023 оқу жылынан бастап директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бурабаева Назгул Боранбаевна ұжымда өзінің біліктілігімен, жан-жақты сауаттылығымен сыйлы маман.

Сапалық құрам

«Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі бойынша 06.02. 2023ж. - 17.02. 2023 ж. аралығынды жас мамандарға арналған «Білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістер» тақырыбында  онкүндік өтті.

09.02. 2023 ж. күні оқытушы, жас маман Аралбай Ақжол Қанатұлы информатика пәні бойынша «Big data» деректер қоры түсінігі» тақырыбындағы ашық сабақ жүргізді.

Сабақтың мақсаты: Реляциялық деректер қоры туралы. Big data туралы түсінік беру. Деректер қорының негіздерін меңгерту. Big data – ның артықшылықтары мен кемшіліктерін кеңінен түсіндіру.

            Бейнероликтер арқылы Big data туралы кеңінен түсінік беріліп, кері байланыс жақсы деңгейде орнаталды. Сабақ жақсы деңгейде өтті.

10.02. 2023  ж. күні оқытушы Нұржанова Әмина Амангелдіқызы қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша Жүсіпбек Аймауытов «Әнші» әңгімесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге Ж. Аймауытовтың әңгімесімен таныстырып, тақырыбын ашу, ән өнерінің құдіретін түсіндіру, әңгіме мазмұнын терең меңгерту арқылы әншінің азаматтық, адамдық бейнесін жан-жақты таныту.

Сабақты бейнематериалдар, аудиомәтіндер пайдалану арқылы және «Сөз тізбегі», «Ой шақыру», «Топтық жұмыс», «Ақиқат-жалған» әдістерін кеңінен пайдаланып өткізді. Сабақ жақсы деңгейде өтті.

14.02. 2023 жылы оқытушы Қалдыбай Қонысбек Сексенбайұлы дене тәрбиесі пәні бойынша «Баскетбол. Допты бір және екі қолмен кеудеден беру әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді сабақ барысында ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Баскетбол ойынындағы допты бір және екі қолмен кеудеден беру әдістерін меңгерту, қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіру.

Сабақ талаптарға сәйкес, сабақтың құрылымын сақтау арқылы өткізілді. Кері байланыс, рефлексия әдістері жақсы көрініс тапты. Сабақ «жақсы» деген бағаға ие болды.

15.02. 2023 жылы оқытушы Джанабергенова Айгерім Едилбаевна «Көмірсутек қорлары. Мұнай. Мұнайды өңдеу әдістері» тақырыбында химия пәні бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге мұнайды өңдеу әдістерің таныстырып, тақырыпты ашу; топтық жұмыстар арқылы дербес жұмыс жасауға, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, танымдық ой-өрістерін, шығармашылық ойлауын дамыту. Талдау жасата отырып студенттің ой-өрісін дамыту. Мұнайдан шығатын көптеген нәрселер туралы айту. Қазақ халқының мұнайға бай мемлекет екенін таныту.

Жас маман сабағын «Өткенге шолу», «Ой шақыру», «Топтық жұмыс», «WordWall» - сұрақ-жауап, «Пазл», «GOOGLE», «Почта жәшігі» атты әдістерді пайдалана отырып өткізді. Сабақтан талаптарға сай болып, жақсы деңгейде өтті.

16.02. 2023 жылы оқытушы Артықбаева Жанат Мұратбекқызы география пәні бойынша «Геоэкономикалық даму стратегиясы» тақырыбында 1БШ -22 б/б тобында ашық өткізді.

Сабақтың мақсаты: Дүниежүзі мемлекеттердің геосаясаттығы, географиялық факторларына баға береді. Адамның тұлға ретінде дамуын, ғылыми дүниетанымын дамытуға баула. Пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Оқутушы сабақты «Қазына аралы», «Карта тапсырмалары», «Топтық жұмыс», «Дебат» әдістері арқылы түрлендіріп, бейне роликтер пайдаланып студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттырды. Сабақ өте жақсы деңгейде өтіп, мақсаттарына толықтай жетті.

 

17.02. 2023 жылы оқытушы Рахманов Айбек Джанабаевич дене тәрбиесі пәні бойынша «Волейбол ойыны. Допты төменнен және жоғарыдан беру» тақырыбында 3 БББ-20б/б тобында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге допты бір-біріне беру және қабылдау әдістерін үйрету, студенттердің денсаулығын дамыту. Жалпы дене тәрбиесін жетілдіру. Волейболдағы ең негізгі әдістерді үйрету және шеберлікті шыңдау. Волейбол ойыны техникасын жетілдіру. Волейбол ойынының кең таралуына ықпал ету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі – тәжірибелік сабақ. Сабақ дәстүрлі сабақ әдісімен өтті. Сабаққа қойылатын талаптар толықтай орындалды. Сабақ ойдағыдай өтіп, мақсаттарына жетті.

  1. 02. 2023 жылы оқытушы Аллабердиева Гүлдерай Аллабердиевна ағылшын пәні бойынша «Кембридж университеті» тақырыбында 3 БББ -20 б/б тобында ашық сабақ берді.

Сабақтың мақсаттары: Студенттерге шетел тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Студенттің білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру. Студенттердің қабілеті мен әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету. Студенттердің тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, қиялын дамытып, студентті өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.

Сабақ интертақта, онлайн платформаларды пайдалану арқылы; «Қара жәшік», «Шар», «WordWail», «Попкорн», «Топтық жұмыс», «Learning Apps.org» әдістерін пайдалану арқылы өткізіп, сабаққа қойылатын талаптарды толықтай орындап, өте жақсы деңгейде ашық сабақты өткізді. Сабақ мақсатына жетті.

Мекен-жайы

ҚР, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, “Көктем” ш/а, 2 А

caspy_isenbai@bk.ru

+ 7 72934 92328

+7 775 469 1617

EnglishKazakhRussian